Жаңалықтар

«Абай жазған Қарамола Жарғысы»

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында «30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы» күніне орай «Абай жазған Қарамола Жарғысы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел жұмысының мақсаты - А.Құнанбайұлының 1885 жылы Қарамола съезінде Семей облысының бес болысының билерінің қатысуымен жазып, қабылданған ережені насихаттау, қазақ мемлекеттігінің қалыптасу кезеңдерінде қабылданған заң нормаларының тарихи маңызы жөнінде пікір алмасу. Шараны музей директоры Ұ.Сағадиев алғы сөзімен ашып, директордың ғылыми жұмыстар...

«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» әдеби квиз

10 тамыз – «Абай күніне» орай Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында музей ұжымы мен Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен әртүрлі сала мамандарының арасында ақын өлеңдерін насихаттауға арналған «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» әдеби квизі өткізілді. Квизге Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Абай облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесі және Семей қаласындағы Халық банкінің қызметкерлерінен құралған үш...

Абай күні

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында «Абай күніне» орай Абай музейі мен Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Абай есімін ұлықтауға арналған мәдени-көпшілік шаралар өтті. Шара аясында Семей қаласының зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер саласының қызметкерлері Абай музейінің аумағында орналасқан «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Жас ақындар мен көркемсөз оқу шеберлері арасында «Талап қыл...

Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойы аталып өтті

13-15 маусым аралығында Абай ауданында көрегенді көсем, парасатты шешен, қазақ даласының ұлы қоғам қайраткері, қажы, аға сұлтан, Абай Құнанбайұлының әкесі - Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойы аталып өтті. Осы атаулы күнге орай Абайдың “Жидебай-Бөрілі” мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі көрме ұйымдастырды. Көрмеде тарихи тұлға, би, заманының көрнекті қайраткері болған Құнанбай Өскенбайұлының жалпы тұлғасын танытатын Абай музейінде жинақталған тарихи материалдар мен архив...

Құнанбай Өскенбайұлының — 220 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2024 жылдың 14 маусымында Shakarim University-де Абай облысының әкімдігі, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығымен бірлескен  тарихи тұлға, көрнекті қоғам қайраткері, аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығына арналған «ҚҰНАНБАЙ ӨСКЕНБАЙҰЛЫ: ТҰЛҒА, ТАРИХ, ФЕНОМЕН» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Пленарлық мәжілісте: Shakarm University ректоры Орынбеков Думан Рымғалиұлының алғы сөзімен ашып, ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбектің видео құттықтауын ұсынды.  Л.Гумилев...

«Абай және Пушкин» атты көрменің ашылуы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Абайдың   «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 6 маусым ақын А.С.Пушкиннің туғанына 225 жылдығына орай «Абай және Пушкин» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрмені Абай музей-қорығының директоры Ұ.Сағадиев алғы сөзімен ашып, Қоғамдық келісім орталығы-облыстық Достық үйі директорының міндетін атқарушы Б.Тілебалғановна, Ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Тоқаев сөз сөйледі. Абай Құнанбайұлын «Абай» театрының әртісі А.Тасымбетов, Александр Пушкинді «Дариға-ай» жастар театрының...

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздер – біздің ұлттық құндылығымыз, мемлекет тарихына, тіліне, мәдениеті мен салт-дәстүріне деген шынайы құрметіміз. Мемлекеттік рәміздер – Қазақстанның  жаңа тарихының қастерлі құндылықтары. Отанды қорғау  –  осы Ту, Елтаңба және Әнұранды құрметтеуден  бастау алады. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған Мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген елімізді демеп, игі істеріміздің арқауы болсын! Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы атынан әрбір шаңыраққа сарқылмас шаттық, бақыт пен береке тілейміз! Көк Туымыз желбірей...

«31 мамыр Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне орай дөңгелек үстел

2024 жылдың 31 мамыр күні 14.00-де Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының бөлімі «Алаш арыстары – М.Әуезов» музейінде «31 мамыр Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне орай дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Мыңдаған адал, ақылды, талантты адамдар, ғалымдар, қарапайым азаматтар жазықсыз жапа шеккен репрессия құрбандары туралы студенттер мен музейге келушілерге тың ақпарат беру, кейінгі ұрпаққа жеткізу. Дөңгелек үстелде «Абай облысы мемлекеттік архивінің» ҒАА және құжаттарды пайдалану...

«Абай мұрасы және заманауи музей: таным, білім-ғылым және тәрбие тоғысы» тақырыбында дөңгелек үстел

Абай музейінде білім-ғылым саласында музей мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелері талқыланды Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Абай мұрасы және заманауи музей: таным, білім-ғылым және тәрбие тоғысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Жиында Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшілері Шерхан Талап және Ербол Алшынбай қатысып, министр Аида Балаеваның құттықтау хатын табыстады. Абай атындағы ҚазҰПУ филология факультетінің...