Жаңалықтар

«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» әдеби квиз

10 тамыз – «Абай күніне» орай Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында музей ұжымы мен Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен әртүрлі сала мамандарының арасында ақын өлеңдерін насихаттауға арналған «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» әдеби квизі өткізілді.

Квизге Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Абай облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесі және Семей қаласындағы Халық банкінің қызметкерлерінен құралған үш команда қатысты.

Қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға жауап беріп, әділ қазылар алдында білімдерін сарапқа салды.

Сайыс қорытындысы бойынша Абай облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесі І орын, Семей қаласындағы Халық банкінің қызметкерлері ІІ орын, Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті ІІІ орын иеленді. Команда мүшелеріне Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тағайындаған бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Жаңалықпен бөлісіңіз