Жаңалықтар

Құнанбай Өскенбайұлының — 220 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2024 жылдың 14 маусымында Shakarim University-де Абай облысының әкімдігі, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығымен бірлескен  тарихи тұлға, көрнекті қоғам қайраткері, аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығына арналған «ҚҰНАНБАЙ ӨСКЕНБАЙҰЛЫ: ТҰЛҒА, ТАРИХ, ФЕНОМЕН» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Пленарлық мәжілісте: Shakarm University ректоры Орынбеков Думан Рымғалиұлының алғы сөзімен ашып, ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбектің видео құттықтауын ұсынды.  Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Сыдықов Ерлан Бәтташұлы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Тілеп Болат Анапияұлы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есім, жазушы, қоғам қайраткері Сапаралы Бейбіт Төлеубайұлының құттықтаулары мен Еспенбетов Арап Слямұлы, Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы,  Жұртбай Тұрсын Құдакелдіұлы Сомунжуоғлы Бекир Түмен, Жеменей Ислам  баяндамалары тыңдалды.

Сонымен қатар шығыстанушы-ғалым, ф.ғ.д., профессор Ислам Жеменейдің «АБАЙ МЕКТЕБІ және Шығыс тарихы мен әдебиетіндегі сана-сезім жетекшілері» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Түстен кейін конференция жұмысы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында музей директоры Сағадиев Ұлан Болатұлының алғы сөзімен жалғасты.

Пленарлық мәжілістете Тоқтабай Ахмет Уәлханұлы, Жовлиев Жавлонбек, Мырзақасым Әсет Медеуханұлы, Каринбаев Жандос Әуелбекұлы баяндама жасады.

Конференциядан кейін қонақтар Абай музейінің экспозициясымен танысты.

Конференция жұмысына қатысуға ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар және колледж, мектеп мұғалімдер, облыстан келген зиялы қауым қатысты.

Жаңалықпен бөлісіңіз