Жаңалықтар

Абай күні

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында «Абай күніне» орай Абай музейі мен Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Абай есімін ұлықтауға арналған мәдени-көпшілік шаралар өтті.

Шара аясында Семей қаласының зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер саласының қызметкерлері Абай музейінің аумағында орналасқан «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Жас ақындар мен көркемсөз оқу шеберлері арасында «Талап қыл артық білуге» тақырыбында Абай Құнанбайұлы шығармашылығына арналған поэзия сағаты өткізілді.

Сонымен қатар, шараға қатысқан және осыған дейін Абай есімін насихаттап жүрген мәдениет пен әдебиет саласының қызметкерлері және өнерпаздар Семей қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Естеріңізге салсақ 10 тамыз – «Абай күніне» байланысты осыған дейін Абай музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Абайдың мерейтойлық өлеңдері оқылған болатын. Жазылғанына биылғы жылы 130 жыл толып отырған өлеңдерді музей қызметкерлері әлеуметтік желіде жариялап, оқырмандар тарапынан алғысқа бөленді.

Жаңалықпен бөлісіңіз