Жаңалықтар

Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойы аталып өтті

13-15 маусым аралығында Абай ауданында көрегенді көсем, парасатты шешен, қазақ даласының ұлы қоғам қайраткері, қажы, аға сұлтан, Абай Құнанбайұлының әкесі — Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойы аталып өтті.

Осы атаулы күнге орай Абайдың “Жидебай-Бөрілі” мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі көрме ұйымдастырды. Көрмеде тарихи тұлға, би, заманының көрнекті қайраткері болған Құнанбай Өскенбайұлының жалпы тұлғасын танытатын Абай музейінде жинақталған тарихи материалдар мен архив құжаттары, Құнанбайдың тақиясы мен мөрі, кітаптар мен заттық экспонаттар келген қонақтарға ұсынылып, таныстырылды.

Көрмені ғалымдар мен құрметті қонақтар, зиялы қауым өкілдері және Құнанбай қажы ұрпақтары тамашалады.

Жаңалықпен бөлісіңіз