«Шаңыраққа тағзым» атты көрменің ашылуы
«ШАҢЫРАҚҚА ТАҒЗЫМ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 24 қазан суретші, кескіндемеші, ұстаз, педагог-зерттеуші Қабылбеков Ақылбек Қабенұлы мен кескіндемеші мүсінші Мұхамеди Қоңыр Әбділдәұлының «Шаңыраққа тағзым» атты көрмесінің ашылуы өтті.
Көрмені Абай музей-қорығының директоры Ұ.Сағадиев алғы сөзімен ашып, Шәкәрім атындағы Өнер кафедрасының профессоры М.Мырзаханов, Өнер кафедрасының меңгерушісі Р.Берікбол, Абай облысы, Семей қаласының суретшілер одағының төрағасы Т.Жұбанышев, Аягөз қаласынан арнайы осы шараға келген А.Сіләмбаев сөз сөйледі. М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің студенті Д.Тұрсынғазы «Қазағым-ай», «Ақбөкен» әндерін орындады.
Ақылбек Қабенұлы «Ш.Құдайбердіұлы», Қоңыр Әбділдәұлы «Дәстүр» картиналарын музей қорына сыйға тартты.
Көрмеге Абай облысының орталығы Семей қаласының зиялы қауым өкілдері, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, суретшілер, қолөнер шеберлері, студенттер қатысты.
Көрмені Семей қаласының тұрғындары мен музей қонақтары бір ай бойы тамашалай алады.