Жаңалықтар

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылған «Ұлылар мекені» атты жылжымалы көрмесі

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында этноауыл қалашығында Абай облысының көрме-үйінде Абай музейінің «Ұлылар мекені» атты жылжымалы көрмесі ұсынылды.

Көрме барысында еліміздің түпкір-түпкірінен және шетелден келген қонақтарға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ақпараттар берілді.

Көрмеге музей қорынан Абай, Шәкәрім, М.Әуезовке қатысты 40-қа жуық жәдігерлер қойылып ел назарына ұсынылды.

Қазақстанның әр аймағынан және алыс-жақын шет елден келген көрермендер көрме жұмысына зор қызығушылық білдірді. Соның ішінде ерекше атап өтетін Абай заттарына және оның әйелі Әйгерім анамыздың ер-тоқымына қонақтар, қолөнер шеберлері аса мән беріп, экскурсияны қызығушылықпен тыңдап ықылыстарын білдіріп жатты.

Көрме жұмысын тамашалауға келген зиялы қауым, Астана қаласының тұрғындары, жерлестер, шет ел көрермендері санында  шек жоқ.

Осы бір апта ішінде Елордамыздың төрінде Абай, Шәкәрім, Мұхтар мұрасы насихатталып, халық арасында қызығушылық артып, ұлылар өсиеті насихатталды.

Жаңалықпен бөлісіңіз