Жаңалықтар

«Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» аймақтық білім сайысы өтті

«Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы»

аймақтық білім сайысы өтті

    Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 27 қыркүйек қазақ әдебиетінің классик жазушысы, ғұлама ғалым М.О.Әуезовтің туған күніне орай «Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» атты аймақтық білім сайысы өтті.

Дәстүрге айналған аталмыш сайысты өткізудегі басты мақсат классик жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық әлемін келешек жас буынның санасына сіңіріп, әр қырын терең білуге ынталандыру және кеңінен насихаттау.

Сайысқа жалпы саны 45 үміткер қатысты. Олар қала және қала маңындағы мектептердің 8-10 сынып оқушылары. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

I орын – Шорабаева Гүлдана (№31 ЖОББМ);

II орын – Асқарова Амира (Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназия), Анвар Нурәли (№ 6 Гимназия);

III орын – Серікжан Айзере (№3 Мектеп-интернаты), Кабдылхан Олжас (№16 Төлеубай Аманов атындағы ЖОББМ), Мерсалихова Аруна (№ 22 ЖОББМЛ);

Сағатова Нұрина (№ 27 ЖОББМ), Дулатова Махфузе (№ 47 ЖОББМ), Төлеубекова Бірғаным (Назарбаев зияткерлік мектебі), Амантаева Мөлдір  (№ 36 ЖОББМ) алғыс хаттармен марапатталды.

    «Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» сайысы жыл сайын өз жалғасын таба бермек.

Жаңалықпен бөлісіңіз