Экскурсиялық-көпшілік жұмыстар бөлімінің негізгі міндеті – Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына келушілерді қарсы алып, музей экспозицясы бойынша сапалы экскурсиямен қамтамасыз ету.
Экскурсиялық-көпшілік насихат жұмыстары бөлімі қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының, ақын-шәкірттерінің өмірін, шығармашылығы мен мұрасын таныстыру арқылы қазақ әдебиеті мен өнерін, мәдениетін келушілерге барынша жеткізуге баса назар аударады.
Қазіргі жаһандану заманында музейлердің қоғамдағы рөлі де өсіп, рухани-адамгершілік тәрбие беруде, халықаралық байланыстарды жүзеге асыруда барынша қызмет етуде. Экскурсиялық-көпшілік жұмыстар бөлімі еліміздің мектеп оқушылары, бала бақша, балалар орталықтары, колледж, жоғары оқу орындары мен әртүрлі мекемелермен тығыз байланыс орнатып, музей педагогикасын дамытуға үлес қосып, тарих пен жаңалықты бір арнаға тоғыстырып келеді. Бөлім қызметкерлері түрлі тақырыпта әдеби кештер, жылжымалы көрмелер, дәрістер өткізіп, Абайдың және өнер мектебінің көркем ойларын жеткізеді. Бөлімде өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын жас мамандар қызмет атқарады.
Қазақстан Республикасының заңнамаларын басшылыққа ала отырып, төмендегі бағытта жұмыс жүргізеді:
Экскурсия жетекшілерінің лауазымдық міндеттері:
-
-
- Бекітілген нормаларға сәйкес экспозиция, көрме, ашық сақтау қорлары мен музей нысандарына экскурсия жүргізеді;
- Әдіскердің жаңа материалдары мен ұсыныстарына сәйкес, экскурсияға толықтырулар мен өзгерістер енгізеді;
- экскурсия жүргізу әдісін дамыту үшін жұмыстар жүргізеді;
- экскурсия бойынша әдістемелік ұсыныстар мен тыңдаулар дайындауға;
- мәдени-ағартушылық шаралар жүргізуге қатысады.
-
«Абай жолы – халық жолы»
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының қызметкерлері: Н.Боранбаев және Г.Тлеубергенқызы қаламыздағы №3 жалпы орта білім беретін мектепте заңғар жазушы М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Абай жолы – халық жолы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Шараға мектеп ұстаздары мен 8,9,10,11-сыныптан 97 оқушы қатысты. Көрмеде «Көркем ойдың Алыбы», «Мұхтар Әуезов және Семей», «Адамзаттың Абайы» тақырыптары кеңінен ашылды.