ЖАС ҒАЛЫМНЫҢ ТАРТУЫ
Арнайы зерттеу жұмыстары аясында Семей қаласына келген қарағандылық тарихшы әрі зерттеуші Әділет Жағыпар «Алаш арыстары — Мұхтар Әуезов» музейіне «Тұлғалар тағылымы» сериясы арқылы жарық көрген «Бүркіт Ысқақұлы» атты тарихи-биографиялық басылымды сыйға тартты.
Кітапта ақын, ғалым, Алаш ерлерінің ізін жалғаған Бүркіт Ысқақұлының қайраткерлік тұлғасы, 1941 жылы Қарағанды қаласында жастардың басын қосқан саяси ұйым «ЕСЕП» туралы да архив құжаттары, ғылыми айналымға жаңадан енген еңбектер топтастырылған.
*******************************************************************************************************************************************
ЖАҢА КІТАПТАР ТАРТУ ЕТІЛДІ
Жазушы, белгілі ғалым, абайтанушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, 2015-2019 жылдары Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының директоры лауазымын атқарған Болат Жүнісбекұлы қаламынан туған кітаптарды музей қорына сыйға тартты.
Хакім Абайдың шығармашылық мұрасына ақылмен тануға ынта білдірген автордың «Абай сәулесі» кітабында зерттеулер мен ғылыми эсселер топтастырылса, «Абайдың ақын ұлдары» еңбегінде Ақылбай, Мағауия, Турағұл сынды Абайдың ақындық өнер мектебінің көрнекті өкілдері жазып қалдырған әдеби-көркем туындылары енген.
Ал, «Ақиқат ұшқыны» кітабында сөз иесінің кейінгі жылдары жазған және мерзімді басылымдарда басылып, оқырман қызығушылығын арттырған ғылыми мақалалары басылған.