Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы және Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Абай облысы бойынша департаменті өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Меморандумның негізгі мақсаты – тараптардың Абай облыстық соты музейін құруға, ұйымдастыруға, ғылыми және тәжірибелік көмек көрсету.