Жаңалықтар

«Ерікті елім – Қазақстаным!» білім сайысы

«ЕРІКТІ ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ!»  БІЛІМ САЙЫСЫ

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы және Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ұлттық мереке Республика күніне орай колледж студенттері арасында «Ерікті елім – Қазақстаным!» атты білім сайысы өтті.

Байқауға қала бойынша 11 колледжден 11 қатысушы қатысты. Байқау: «Тарихым тұғырым», «Тілім – діңгегім», «Адамзаттың Абайы» атты үш кезеңнен тұрды.

Сайыс қорытындысы бойынша І орынды Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің І курс студенті А.Қалидолла, ІІ орынды  М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 4 курс студенті Н.Құрманғажы, ІІІ орынды «Көлік» колледжінің 2 курс студенті А.Шакенов иеленді.

Білім сайысының жеңімпаздары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жаңалықпен бөлісіңіз