Абай мұрасы — әлем назарында
1-4 қазан аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің ұйымдастыруымен «Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» атты ІІ Архившілер конгресі өткізілді.
Архившілер конгресі аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мелекеттік музей-қорғының ұсынысымен хакім Абайдың 1896 жылы баласы Мағауияға жазған хатын ЮНЕСКО көлемінде «Әлем жады» бағдарламасының тұжырымдамасына сәйкес халықаралық мұралар тізіміне енгізу мәселесі талқыланды. Аталған тарихи хаттың түпнұсқасы 1997 жылы Абай музейінің қорынан табылғаны, хатты жарияға шығарып, ғылыми түсініктеме берген тарих ғылымдарның кандидаты, елімізге белгілі ғалым Амантай Исин.
Музей маманы Қуат Қиықбай халықаралық басқосуда жәдігердің құндылығымен, тарихи маңызына тоқталып, отырыс ережесіне сәйкес өзге де құнды деректермен таныстырды.
ЮНЕСКО Байланыс және ақпарат секторының құжаттық мұра бөлімінің басшысы Факсон Банданың мәлімдеуінше «Әлем жады» бағдарламасының тұжырымдамасына сәйкес шешім алдағы уақытта жарияланатын болады.