Жаңалықтар

«31 мамыр Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне орай дөңгелек үстел

2024 жылдың 31 мамыр күні 14.00-де Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының бөлімі «Алаш арыстары – М.Әуезов» музейінде «31 мамыр Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне орай дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: Мыңдаған адал, ақылды, талантты адамдар, ғалымдар, қарапайым азаматтар жазықсыз жапа шеккен репрессия құрбандары туралы студенттер мен музейге келушілерге тың ақпарат беру, кейінгі ұрпаққа жеткізу.

Дөңгелек үстелде «Абай облысы мемлекеттік архивінің» ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Қадырова Лаура Қабдылқазықызы «Алаш қайраткерлері архив деректерінде» атты, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің тарих кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қариева Тоты Амангелдіқызы «Қасиетті жылдар жылнамасы зерделенуі керек» тақырыбында баяндама оқып, кейінгі жастарға зобалаң зұлмат заманның тарихынан сыр шертер деректермен бөлісті. Республика партиясының жастары өз ойларымен бөлісіп, көптеген көкейдегі сұрақтарына жауап ала алды.

Шараға Республика партиясының жастары, Семей колледжінің студенттері, ғалымдар, музей қызметкерлері қатысты.

 

Жаңалықпен бөлісіңіз