4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні
Мемлекеттік рәміздер – біздің ұлттық құндылығымыз, мемлекет тарихына, тіліне, мәдениеті мен салт-дәстүріне деген шынайы құрметіміз.
Мемлекеттік рәміздер – Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі құндылықтары. Отанды қорғау – осы Ту, Елтаңба және Әнұранды құрметтеуден бастау алады.
Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған Мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген елімізді демеп, игі істеріміздің арқауы болсын!
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы атынан әрбір шаңыраққа сарқылмас шаттық, бақыт пен береке тілейміз!
Көк Туымыз желбірей берсін!