Жаңалықтар

А.С.Пушкиннің туғанына 225 жылдығына орай «Абай және Пушкин» атты көрменің ашылуы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 6 маусым ақын А.С.Пушкиннің туғанына 225 жылдығына орай «Абай және Пушкин» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.
Көрмені Абай музей-қорығының директоры Ұ.Сағадиев алғы сөзімен ашып, Қоғамдық келісім орталығы-облыстық Достық үйі директорының міндетін атқарушы Б.Тілебалғановна, Ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Тоқаев сөз сөйледі. Абай Құнанбайұлын «Абай» театрының әртісі А.Тасымбетов, Александр Пушкинді «Дариға-ай» жастар театрының әртісі А.Нартов сомдап, ақындардың шығармаларынан үзінді оқып, көрініс көрсетті.
Ә.Қашаубаев атындағы филормонияның әншісі Ж.Тәжиев «Татьянаның әні» әнімен, М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің студенттері күйден шашу шашты.
Көрмеге Семей қаласының зиялы қауым өкілдері, қоғамдық келісім орталығы-облыстық Достық үйінің және мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, студенттер қатысып, А.С.Пушкиннің өмірі мен шығармашылығына арналған көрмемен танысты.

Жаңалықпен бөлісіңіз