«Абай жазған Қарамола Жарғысы»
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында «30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы» күніне орай «Абай жазған Қарамола Жарғысы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел жұмысының мақсаты - А.Құнанбайұлының 1885 жылы Қарамола съезінде Семей облысының бес болысының билерінің қатысуымен жазып, қабылданған ережені насихаттау, қазақ мемлекеттігінің қалыптасу кезеңдерінде қабылданған заң нормаларының тарихи маңызы жөнінде пікір алмасу. Шараны музей директоры Ұ.Сағадиев алғы сөзімен ашып, директордың ғылыми жұмыстар...