Ұлттық сарын астасқан көрме
Бүгін Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Нағымбек Нұрмұхамедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінің «Наурыз нақыштары» көрмесі ашылды. Бұл шара суретші Нағымбек Нұрмұхамедовтың 100 жылдық мерейтойы аясында арнайы ұйымдастырылып отырған дүние. Шарада сөз алған Ұлан Болатұлы басқосудың маңыздылығына тоқталып, Павлодар қаласынан келген музей мамандарына Абай музейінің ұжымы атынан алғыс хат табыс етіп, музейдің баспа өнімдерін сыйға тартты. Көрмеде Ө.Шоранов, Ә.Игембаев, В.Поликарпов, А.Аткина, Р.Стыбаев және...