Автор - Zhanar73

«Қазақтың ғалым қыздары» кітап көрмесі

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай  «Қазақтың ғалым қыздары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады. Қазақ қыздары ғылым саласында да қомақты еңбек етіп, ғылымның алуан түрлі саласының дамуына үлестерін қосты және қосып келеді. Көрме ғұмырын ғылымға арнаған қазақтың  ғалым қыздар жайында ақпарат береді. Көрменің мақсаты: қазақтың ғалым қыздарының еңбектерін көпшілік назарына ұсыну, насихаттау. Көрмеден еліміздің рухани құндылықтары жолында еңбек еткен, өздерінің...

Абай музейінің ардақтысы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында абайтанушы, әдебиет сыншысы, музей саласының ардагері, «ҚР еңбек сіңірген қызметкері», «Құрмет» орденінің иегері Төкен Ибрагимовтың 85 жылдығына орай еске алуға арналған «Абай деп соққан жүрегі» тақырыбындағы шара өткізілді. Шараның ашылу салтанатында сөз алған Абай музейі директорының міндетін атқарушы Ұлан Сағадиев белгілі жазушы, әдебиет пен өнер зерттеушісі Төкен Смайылұлының қазақ әдебиетінің өрістеуіне қосқан...

«Әбілхан Қастеевтің Абай әлемі» көрмесі

2024 жылы 17 қаңтарда Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Ә. Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай «Әбілхан Қастеевтің Абай әлемі» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеге суретшінің Абай музейі қорында жинақталған туындылары ұсынылды. Көрермендер «Әбілхан Қастеевтің Абай әлемі» көрмесінен суретшінің портрет, пейзаж жанрында орындаған туындыларын тамашалады. Сонымен қатар көрмеге...

«Оқыған жан қолтаңбамнан танысын …» көрмесі ашылды

Бүгін Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында музей қорында жинақталған көрнекті ақын-жазушылардың, қоғам қайраткерлерінің қолтаңба түсіріп, музейге арнайы сыйға тартқан туындыларынан тұратын «Оқыған жан қолтаңбамнан танысын...» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрмеге қойылған жеке қолтаңбасымен сыйға берілген кітаптар топтамасында М.Әуезов, Қ.Мұхамедханов, Р.Нұрғали, Х.Сүйіншәлиев, М.Мырзахметов және т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектері және Ж.Молдағалиев, М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ә.Нұршайықов, Ф.Оңғарсынова сынды ақын-жазушылардың шығармалары бар....

«Тау тұлғаларға тұғыр болған қасиетті Павлодар өңірі»

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тау тұлғаларға тұғыр болған қасиетті Павлодар өңірі» атты жылжымалы көрмесінің ашылуы өтті. Алғашқы болып сөз алған Абай музейі директорының міндетін атқарушы М.Қайрамбаева екі музей арасындағы шығармашылық байланыс жылдар бойы жалғасып келе жатқандығын айта келіп, Г.Н.Потанин атындағы музей басшысы А.Ержанұлына алғыс хат табыстады. Көрмеге Павлодар өңірінің көрнекті тұлғаларының құнды заттары, сирек кездесетін құжаттар...

«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы, халық жанашыры» атты әдеби-танымдық шара өтті

Бүгін 5 қыркүйек – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. «Алаш арыстары – М.Әуезов» музейінде «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы, халық жанашыры» атты әдеби-танымдық шара өтті. Студенттер мен ұстаздарға алдымен музей экспозициясымен таныстырып, экскурсия жүргізілді. Музейде өткен шарада музей қорынан Ахмет Байтұрсынұлының өз қолымен жазған өмірбаяны, кітаптары көрермендер назарына ұсынылды. Іс-шараның соңында Майя Бекбаеваның «Великий учитель нации Ахмет Байтурсынов» атты...

Абай музейінде бүлдіршіндерге арналған байқау өтті.

АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ БҮЛДІРШІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨТТІ 24 мамыр ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы және Семей қаласының Білім бөлімі ұйымдастырған мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер арасында «Әсемпаз болма әрнеге...» байқауы дәстүрлі түрде жетінші рет өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша келесі тәрбиеленушілер: І-орынды «Айналайын» балалар шағын-орталығы – Жақсылық Алимжан, ІІ-орынды №12 «Ажар бөбекжайы» – Сабитов Ислам,  №12 «Ажар бөбекжайы» – Сағимұратова Айкөркем, ІІІ-орынды «Аленушка» балабақшасы –...

«Киелі өнердің Келденбайы»

«КИЕЛІ ӨНЕРДІҢ КЕЛДЕНБАЙЫ» Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында ҚР Мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші Келденбай Өлмесековтың 70 жылдығына арналған «Киелі өнердің Келденбайы» атты еске алу кеші өтті. Келденбай Өлмесеков Абай музейінің қорындағы Ахат Шәкәрімұлы, Шәкір Әбеновтың, Ниязбек Алдажаровтың, Қабыш Керімқұловтың орындауында сақталған Шәкәрімнің ән қазынасын халық арасында насихаттады. Ол орындаушы ғана емес, терең білімді шәкәрімтанушы, әрбір әннің шығу...

Абай музейіндегі «Музей түні»

АБАЙ МУЗЕЙІНДЕГІ «МУЗЕЙ ТҮНІ» ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 18 мамыр күні Халықаралық музейлер күніне арналған мәдени-көпшілік шарасы аталып өтті. Музей күніне арналған шаралар аясында Семей қаласындағы мәдениет және өнер мекемелері қызметкерлері арасында «Шәкәрім даналығы» квесті өткізіліп, музей залдары бойынша тапсырмалар орындалып, үздік деп танылған қызметкерлер алғыс хаттармен, Семей қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды. «Музей...

«Шәкәрім даналығы» атты әдеби квест

«Шәкәрім даналығы» атты әдеби квест 2023 жылдың 18 мамырында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп «Мәдениет және өнер қызметкерлері» күніне арналған және Шәкәрім Құдайберіұлының 165 жылдық мерейтойына орай Семей қаласының мәдениет өнер қызметкерлері арасында «Шәкәрім даналығы» атты әдеби квест өткізді. Әдеби квесті мақсаты  – ақын, философ, тарихшы Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, мәдениет пен өнер...