Жаңалықтар

Абай музейінде бүлдіршіндерге арналған байқау өтті.

АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ БҮЛДІРШІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН

БАЙҚАУ ӨТТІ

24 мамыр ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы және Семей қаласының Білім бөлімі ұйымдастырған мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер арасында «Әсемпаз болма әрнеге…» байқауы дәстүрлі түрде жетінші рет өткізілді.

Сайыс қорытындысы бойынша келесі тәрбиеленушілер:

І-орынды «Айналайын» балалар шағын-орталығы – Жақсылық Алимжан,

ІІ-орынды №12 «Ажар бөбекжайы» – Сабитов Ислам,  №12 «Ажар бөбекжайы» – Сағимұратова Айкөркем,

ІІІ-орынды «Аленушка» балабақшасы – Самбай Кәусар,  «Айгөлек» бөбекжайы – Бағдат Раяна, «Мариям» балабақшасы– Жасұланқызы Аянұр иеленді.

Байқаудың қазылар алқасы құрамында Абай музей-қорығы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрамбаева Мейрамгүл Сейтжапарқызы, Семей қаласы Білім бөлімінің әдіскері Адылгазинова Гульмира Халелқызы, «Халықтық» ақындар мектебінің жетекшісі, ҚР мәдениет қайраткері Омарбаева Дәметкен Серікбайқызы болды.

Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жаңалықпен бөлісіңіз