Жаңалықтар

«АБАЙ АМАНАТЫ – ЕЛДІК МҰРАТ» АТТЫ ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ КЕЗДЕСУ

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Қазақстан Республикасы күніне орай «Абай аманаты – елдік мұрат» атты тарихи-танымдық кездесу өтті.

Іс-шараға Әлихан Бөкейхан университетінің тарих факультетінің оқытушысы, тарих магистрі, докторант Жолдыбалина Гүлсая Әскербекқызы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Абай облыстық филиалының төрағасы, Семей қаласының құрметті азаматы Шәріпбаев Орал Тоқтарұлы, Абай облысының лингвистикалық орталығының әдіскері Қалиақбаров Жандос Бейбітбекұлы және Шәкәрім университетінің студенттері қатысты.

Кездесу барысында «Абайдың елдік мұраты және ұлт болашағы» тақырыбында баяндама жасалып, қатысушылар арасында ойталқы ұйымдастырылып, елдік құндылықтар мен ұлт болашағына қатысты еркін форматта пікір алмасу өтті.

Жаңалықпен бөлісіңіз