Жаңалықтар

«АБАЙҒА АДАЛДЫҚ: НҰРБҰЛАН ӨТЕПБАЕВ»

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында 16 қазан күні Абай әлемін бейнелеу өнері арқылы танытып, қазақ руханиятына өзіндік қолтаңбасымен қызмет еткен суретші-иллюстратор Нұрбұлан Өтепбаевтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Абайға адалдық: Нұрбұлан Өтепбаев» атты шығармашылық кеш пен сурет көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Шығармашылық кеште өнер иесінің шығармашылық ізденістері мен ұлттық руханиятқа қосқан үлесі дәріптелсе, көрмеде Абай музейінің қорында сақталған таңдаулы туындылары қалың көпшілік назарына ұсынылды.

Іс-шараға өнер иесінің жақындары мен шәкірттері, Семей қаласы мен Абай облысының зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қала тұрғындары қатысты.


Жаңалықпен бөлісіңіз