Жаңалықтар

Алаштың алып тұлғасы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында жазушы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы, ғибратты ғалым Жұртбай Тұрсын Құдакелдіұлының 75 жас мерейтойына арналған «Алаштың алып тұлғасы» атты әдеби кеш пен ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған көрменің ашылу салтанаты өтті.

Т.Жұртбайдың алпыс жылдық шығармашылық жолы дана Абай мен мұхит ойлы Мұхтармен тығыз байланысты. Бүгінгі күні 134 кітабы жарық көрген ғалым — Абай музейімен тығыз шығармашылық қарым-қатынаста қызмет етіп келеді.

Аталған әдеби кеште Тұрсын Жұртбайдың замандастары мен ізбасарларының ізгі тілектері тыңдалып, ғалыммен тікелей сұхбат жүргізілді. Шараға алыс-жақыннан келген меймандар мен Семей қаласының зиялы қауым өкілдері, жоғары және арнайы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Басқосудың қонақтары, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік
музей-қорығы ұйымдастырған «Алаштың алып тұлғасы» көрмесін тамашалап, Тұрсын Жұртбайдың тұлғалық келбетіне терең бойлады.

Жаңалықпен бөлісіңіз