Жаңалықтар

«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы, халық жанашыры» атты әдеби-танымдық шара өтті

Бүгін 5 қыркүйек – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. «Алаш арыстары – М.Әуезов» музейінде «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы, халық жанашыры» атты әдеби-танымдық шара өтті. Студенттер мен ұстаздарға алдымен музей экспозициясымен таныстырып, экскурсия жүргізілді. Музейде өткен шарада музей қорынан Ахмет Байтұрсынұлының өз қолымен жазған өмірбаяны, кітаптары көрермендер назарына ұсынылды. Іс-шараның соңында Майя Бекбаеваның «Великий учитель нации Ахмет Байтурсынов» атты фильмінен үзінді көрсетіліп, қортындыланды. Шараға Семей медицина университетінің ұстаздары мен студенттері қатысты.

 

Жаңалықпен бөлісіңіз