ТУРИЗМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының ұйымдастыруымен 27 қыркүйек Дүниежүзілік туризм күніне орай Семей-Жидебай-Қоңырәулие бағытында танымдық экскурсия өтті.
Аталған турда Абай музейінің бөлім меңгерушісі Қ.Қиықбай Абай мен оның айналасына қатысты тарихи жерлер бойынша Семей қаласының тұрғындары мен қала меймандарына тағылымдық мағлұмат берді.




