Автор - Zhanar73

«Әуезов әлемі» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының бөлімі Бөрілідегі М.Әуезов музей-үйінің аға ғылыми қызметкері Г.Тәңірберген Нұр-Сұлтан қаласындағы Еуразия гуманитарлық институты және М.Дулатов атындағы №68 мектеп-гимназиясында жазушы М.Әуезовтің 125 жылдығына орай «Әуезов әлемі» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Кемеңгер жазушының шығармалары мен ата-тегі шежіресімен таныстыру мақсатында өткен көрмеге ұстаздар, студенттер мен оқушылар қатысты. Білім ордаларының басшылығы музей ұжымына алғыстарын білдіріп, кейінгі жас ұрпақтардың санасына Абай, Шәкәрім, Мұхтар...

Ғылыми-тәжірибелік семинар «Абайтану мектеп бағдарламасында»

Ғылыми-тәжірибелік семинар «Абайтану мектеп бағдарламасында» 29 сәуір күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы және Семей қаласының Білім бөлімі мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында «Абайтану мектеп бағдарламасында» атты ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырды. Семинардың негізгі мақсаты: Абайтану курсының өзектілігі; Оқушылардың білім беру бағдарламасын толық игеру мақсатындағы музей мен оқу орындарының жұмыстарын үйлестіру; Музейдің ғылыми-насихат жұмыстарын білім беру жүйесіне жақындату; Музей мен білім беру...

Мұқа Әділханұлына 165 жыл

Мұқа Әділханұлы (1857-1927) Мұқа Әділханұлы – Абайдың сегіз қырлы өнерпаз, талантты, шәкірттерінің бірі. Ол – асқан  домбырашы, шебер скрипкашы, әнші. Мұқаның әкесі – Әділхан Жарқынұлы шебер домбырашы, Абаймен сыйлас, дос болған адам. Мұқа өз ағаларының біреуінен жесір қалған жеңгесіне ғашық болып, оны заңды әмеңгеріне тигізбей алып қашып, Абай ауылын паналаған. Абай оларға ара түсіп, бастарына азаттық әпереді, кейін Мұқамен дос болады. Музыка өнерін...

«Қобыз құт» мәдени-танымдық шарасы

«ҚОБЫЗ ҚҰТ» МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ШАРАСЫ Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, қобызшы, ұстаз, дирижер, күйші, композитор Сейітқазы Оразғали Жүнісбекұлына арналған «Қобыз құт» тақырыбында мәдени-танымдық шара өтті. Салтанатты кешке М.Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің директоры С.Ахметов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР білім саласының үздігі, О.Сейітқазының шәкірті С.Малаев, Шәкәрім университеті «Өнер және музыка» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Б.Бодауова, О.Сейітқазының бірге оқыған...

«Шәкәрім даналығы» байқауының қорытындысы

«Шәкәрім даналығы» байқауының қорытындысы Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған қашықтан өткізілген «Шәкәрім даналығы» сайысының қорытындысын назарларыңызға ұсынамыз: Cайыс қорытындысы бойынша: Бас жүлде Таласова Саяжан Ж.Аймауытов мектебі І-орын Жеңісқалиева Гүлім №11 мектеп ІІ-орын Қумарова Қарақат Приречное мектебі ІІ-орын Кудайбергенова Айша Знаменка мектебі ІІІ-орын Желпакова Мадина №40 мектеп ІІІ-орын Мағауянова Аружан №44 мектеп ІІІ-орын Сунаваров Кахрамон №40 мектеп ІІІ-орын Нурхасымов Нурали №29 мектеп ...

ҚР Президентінің Жарлығымен Дәурен Абаев ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды.

ҚР Президентінің Жарлығымен Дәурен Абаев ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды. ҚР Президентінің Жарлығымен Дәурен Абаев ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды. Дәурен Әскербекұлы 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2006 жылы Лейден университетін тәмамдаған. 2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеген. 2003 жылдың мамыры мен...

Берекелі Бесқарағайға сапар

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры Т.Шаңбай мен әкімшілік-шаруашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары Н.Райстанов Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Бесқарағай ауданына арнайы барып қайтты. Берекелі Бесқарағайға Абай музейі басшыларының баруының өзіндік мәні бар. 2020 жылы адамзат баласы пандемия сияқты ауыр жағдайларды бастан кешіргенімен, Қазақ елінде әлем көз тіккен қуаныштар аз болмады. Сол қуаныштардың ішіндегі бірегейі хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойы. Мемлекет Басшысы...

Тарбағатай-Барқытбел баурайындағы кездесу

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры Тұрдықұл Шаңбай мен әкімшілік-шаруашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары Нұрлан Райстанов Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Үржар ауданына жұмыс бабымен арнайы барып қайтты. Республикалық Абай музейінің бір бөлімшесі – Әсет Найманбайұлы музейі Үржар ауданы Мақаншы ауылында орналасқан. Арнайы шақырумен Үржар ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітовтің қабылдауында болды.Нұржан Тілеужанұлы философ-әдебиеттанушы Тұрдықұл Қасенұлының басшы ретінде Абай музейін...

«Кемел елдің кемеңгер көшбасшысы» атты кітап көрмесі

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасып, дамуында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұлт көшбасшысы ретінде орасан зор еңбек атқарды. Елбасымыздың кемеңгер саясаты арқасында қазақ елі өзге елдерде танылды. Мемлекетті дамыту мақсатында экономикалық, әлеуметтік салаларда түбегейлі реформалар жүргізілді. Елбасының егемен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуында атқарған еңбегін құрметтеу мақсатында 2011 жылы 1 желтоқсанды тұңғыш президент күні ретінде атап өту туралы заңға қол қойылды. Бұл атаулы күн 1991...

Абайдың тұңғыш жинағы реставрациядан өтті

Санкт-Петербургте 1909 жылы шыққан Абай шығармаларының жинағы Елордадағы Қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптар ұлттық орталығында реставрациядан өтті. Абай музейіне сапар кезінде орталық мамандары арнайы осы кітапты қайта жаңғырту үшін қабылдап, өздерімен ала кеткен. Кітапты қайта қалпына келтіру сияқты оңайға түспес бұл жұмысты, орталық мамандары сапалы деңгейде өңдеген. Өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласында орталықтың ұйымдастыруымен Абайдың тұңғыш жинағын салтанатты түрде музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева және бас қор...