Жаңалықтар

Музей қызметкерлері марапатталды

21 қазан күні Абай музейі директорының шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары Н.Райстанов және кәсіподақ ұйымының төрайымы Ж.Байгаскина Жидебайдағы Абай музей-үйінің қызметкерлеріне құрмет грамоталарын табыстап қайтты.

Атап айтар болсақ, Жидебайдағы ақын музейіндегі ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін Марат Мақановқа «Еңбек даңқы» медалі табысталды.

Еліміздің өркендеу жолындағы ерен еңбегі үшін саланың кәсіподақ қозғалысын дамытуға және нығайтуға қосқан үлесі үшін Е.Күзембаев, Мәдениет саласына қосқан елеулі үлесі және әлеуметтік әріптестікті дамыту жолындағы қажырлы еңбегі үшін Н.Күлшібек бірлестіктің төрайымы және төрағасы атынан марапатқа ие болды.

 

Жаңалықпен бөлісіңіз