Жаңалықтар

Музей ұжымы Өскемен қаласындағы музейлерде

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұжымы Өскемен қаласындағы музейлерге саяхат жасап қайтты.

Пандемия салдарынан кейінге шегеріліп келген бұл мәдени сапарды музейдің ғылыми құрамы облыстық өлкетану музейінен бастады. Артынша Өнер музейінде және ШҚО сәулет этнографиялық және табиғи ландшафтық музей-қорығын аралады.

Барлық музейлердегі әріптестерімізге директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева ұжым атынан алғысын жеткізіп, сый-сияпаттар табыстады.

Алдағы уақытта еліміздегі барлық музейлерге осындай саяхаттар ұйымдастырылып, әріптестік қарым-қатынас нығая түседі деген сенімдеміз.

 

 

Жаңалықпен бөлісіңіз