Жаңалықтар

«Кемел елдің кемеңгер көшбасшысы» атты кітап көрмесі

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасып, дамуында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұлт көшбасшысы ретінде орасан зор еңбек атқарды.

Елбасымыздың кемеңгер саясаты арқасында қазақ елі өзге елдерде танылды. Мемлекетті дамыту мақсатында экономикалық, әлеуметтік салаларда түбегейлі реформалар жүргізілді. Елбасының егемен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуында атқарған еңбегін құрметтеу мақсатында 2011 жылы 1 желтоқсанды тұңғыш президент күні ретінде атап өту туралы заңға қол қойылды. Бұл атаулы күн 1991 жылы 1 желтоқсан күні бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде қазақ елінің тұңғыш президенті сайланған тарихи күнге сәйкес келді.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында «Тәуелсіздік және абайтану» жаңа экспозиция залы ашылды. Экспозицияда ұйымдастырылған кітап көрмесіне мемлекетіміздің Тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында», «Сындарлы он жыл», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы Дала ұлағаттары», «Тәуелсіздік дәуірі» және т.б. еңбектері қойылған. Сонымен бірге Елбасының өмірі мен қызметі жайындағы Б.Сапаралының «Президенттің балалық шағы», М.Қасымбековтың «Біздің Президент», еңбектері және Н.Назарбаевтың әр жылдары атқарған жұмыстарының қызметтік хроникалар жинағы, еңбектерінің библиографиялық көрсеткіштері көрмеден орын алды.

Жаңалықпен бөлісіңіз