Жаңалықтар

«МҰХТАР МҰРАСЫ – АДАМЗАТ ҚАЗЫНАСЫ» АЙМАҚТЫҚ БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында қазақ әдебиетінің классик жазушысы, ғұлама ғалым М.О.Әуезовтің туған күніне орай ұйымдастырылған «Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» атты аймақтық білім сайысы өтті.

Дәстүрге айналған аталмыш сайысты өткізудегі басты мақсат – классик жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық әлемін келешек жас буынның санасына сіңіріп, әр қырын терең білуге ынталандыру және кеңінен насихаттау.

Сайысқа жалпы саны 25 үміткер қатысты. Олар қала және қала маңындағы мектептердің 8-10 сынып оқушылары. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

I орын – Жөкен Жансая (№22ЖОББМ);

II орын – Жұмашхан Айғаным (№7 ЖОББМ), Мадетхан Балжан (№23 ЖОББМ);

III орын – Санақбек Кәусар (№42 ЖОББМ), Тоқметова Жанасыл (№27 ЖОББМ), Мұратбекұлы Мирас (№50 ЖОББМ); Қадыртай Нұрдәулет №16 ЖОББМ.

«Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» сайысы жыл сайын өз жалғасын таба бермек.

Жаңалықпен бөлісіңіз