Жаңалықтар

Абайдың тұңғыш жинағы реставрациядан өтті

Санкт-Петербургте 1909 жылы шыққан Абай шығармаларының жинағы Елордадағы Қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптар ұлттық орталығында реставрациядан өтті.

Абай музейіне сапар кезінде орталық мамандары арнайы осы кітапты қайта жаңғырту үшін қабылдап, өздерімен ала кеткен. Кітапты қайта қалпына келтіру сияқты оңайға түспес бұл жұмысты, орталық мамандары сапалы деңгейде өңдеген. Өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласында орталықтың ұйымдастыруымен Абайдың тұңғыш жинағын салтанатты түрде музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева және бас қор сақтаушысы М.Абламбаеваға табыстады.

Қолжазбалар және сирек кездесетін кітаптар орталығының мамандарына үлкен алғысымызды жеткізе отырып, алдағы уақытта екі мекеме арасындағы шығармашылық байланыс нығая түседі деген ойдамыз.

Жаңалықпен бөлісіңіз