Жаңалықтар

Абай музейіндегі «Музей түні»

АБАЙ МУЗЕЙІНДЕГІ «МУЗЕЙ ТҮНІ»

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 18 мамыр күні Халықаралық музейлер күніне арналған мәдени-көпшілік шарасы аталып өтті.

Музей күніне арналған шаралар аясында Семей қаласындағы мәдениет және өнер мекемелері қызметкерлері арасында «Шәкәрім даналығы» квесті өткізіліп, музей залдары бойынша тапсырмалар орындалып, үздік деп танылған қызметкерлер алғыс хаттармен, Семей қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

«Музей түнінде» қала тұрғындары мен музей қонақтары үшін Абай мен Шәкәрім шығармашылығына арналған әдеби композиция және Абай монологы көрермендер назарына ұсынылды. Сонымен қатар, музей қонақтары Семей қаласы Жастар орталығының концерттік бағдарламасын, қала суретшілерінің пленэрін тамашалап, музей қонақтарына арналған фотоаймақта суретке түсіп, музей аумағындағы суретшілер салып берген лездеме портреттерге ие болды. Шара аясында Шәкәрім университеті студенттерінің «Шәкәрім өрнектері» ұлттық киімдер дефилесі көрсетілді.

Бұған қоса, Абай музейіндегі мәдени-көпшілік шараны ұйымдастыруға атсалысқан мәдениет саласының мамандарына алғыс хаттар табыс етілді.

Абай облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы басшысының алғыс хаттарымен музей қызметкерлері марапатталды.

Музей экспозицияларын тамашалаған көрермендер саны да көп болды.  Олардың арасында Абай мен Шәкәрім шығармашылығы жайындағы викторина сұрақтарына жауап берген белсенді қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жаңалықпен бөлісіңіз