Жаңалықтар

«Шәкәрім даналығы» атты әдеби квест

«Шәкәрім даналығы» атты әдеби квест

2023 жылдың 18 мамырында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп «Мәдениет және өнер қызметкерлері» күніне арналған және Шәкәрім Құдайберіұлының 165 жылдық мерейтойына орай Семей қаласының мәдениет өнер қызметкерлері арасында «Шәкәрім даналығы» атты әдеби квест өткізді.

Әдеби квесті мақсаты  – ақын, философ, тарихшы Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, мәдениет пен өнер қызметкерлері арасында өзара бірлік, көшбасшылық қасиеттерді, өзара қолдау мен ынтымақтастықты дамыту, креативті ойлауға, шешімдерді қабылдап, оларды жүзеге асыру қабілеттерін шыңдау.

Абайдың мемлекеттік музей-қорығының директоры Т.Қ. Шаңбай, Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы  М.А.Бахатова құттықтау сөз сөйлеп, топтарға сәттілік тіледі.

Әдеби квестке Мұқыр ауылының кітапханасы, Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі, Қалалық мәдениет сарайы, Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі, Невзоровтар отбасы атындағы өнер музейі, Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония, Абайдың мемлекеттік музей-қорығының қызметкерлері қатысты.

Әдеби квестте «Semey» телеарнасының бас редакторы С.Нусупбаева, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің «Абайтану және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері А.Смагулова, «Alikhan Bokeikhan University» Ш. Доскеева, Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Бахатова, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Кайрамбаева қатысушылардың әділ қазылық жасап, жеңімпаздарды марапаттады.

Жаңалықпен бөлісіңіз