Жаңалықтар

«Киелі өнердің Келденбайы»

«КИЕЛІ ӨНЕРДІҢ КЕЛДЕНБАЙЫ»

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында ҚР Мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші Келденбай Өлмесековтың 70 жылдығына арналған «Киелі өнердің Келденбайы» атты еске алу кеші өтті.

Келденбай Өлмесеков Абай музейінің қорындағы Ахат Шәкәрімұлы, Шәкір Әбеновтың, Ниязбек Алдажаровтың, Қабыш Керімқұловтың орындауында сақталған Шәкәрімнің ән қазынасын халық арасында насихаттады. Ол орындаушы ғана емес, терең білімді шәкәрімтанушы, әрбір әннің шығу тарихын, туу себебін тыңдаушыға жете түсіндіре алатын тамаша сөз иесі болатын. «Шәкәрімнің музыкалық мұрасы» және «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» атты лекция-концерттерімен кең байтақ елімізді еркін аралады. Келденбай Өлмесеков — бүкіл республикада Шәкәрім әндерінің бірден бір орындаушысы болатын.

Әншінің көзін көрген шәкірті Бақытжан Түктібаев, Тұрсынғазы Рахимовтың немересі, әнші Досхан Тұрсынғазы, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Қайрат Қамидолдин жиналған көпшілікті өнерімен тәнті етті.

Абай музейіндегі еске алу кешіне әншінің замандас достары мен ізбасарлары, Семей қаласының зиялы қауым өкілдері мен М.Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің студенттері қатысты. Киелі өнерді қастерлеген К.Өлмесековтың ән мұрасы мен ол жайындағы естеліктерімен бөліскен әріптестері Абай музейінің ұжымына алғысын білдірді.

Жаңалықпен бөлісіңіз