Жаңалықтар

Ұлағатты ұрпақтар бас қосуы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының ұйымдастыруымен 17 наурыз — «Шаңырақ күніне» орай «Ұлағат ұғынған ұрпақ» тақырыбында шара өткізілді.

Отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларды насихаттауға бағытталған кездесуге Абайдың ақындық өнер мектебінің дәстүрін жалғаған халық ақыны, шешен сөздің шебері Төлеу Көбдіковтің немересі Ш.Мұратқызы мен шөбересі Е.Тегісбекұлы арнайы қатысты.

Кездесуде ақынның мұрасын жинақтауға үлес қосқан, шығармаларының бас-аяғы түгенделіп басылым көруіне еңбек сіңірген Т.Көбдіковтың баласы қарымды қаламгер, дарынды сөз иесі ақын Мұрат Төлеуұлы туралы, Абайдың ұлағатын тыңдап, тұлға болып қалыптасқан халық ақыны жайында тағылымды әңгіме өрбіп, ата жолын насихаттап, әке тәлімінен тәрбие алған жандар білгенімен бөлісті.

Жаңалықпен бөлісіңіз