Жаңалықтар

«Қазақтың ғалым қыздары» кітап көрмесі

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай  «Қазақтың ғалым қыздары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады. Қазақ қыздары ғылым саласында да қомақты еңбек етіп, ғылымның алуан түрлі саласының дамуына үлестерін қосты және қосып келеді. Көрме ғұмырын ғылымға арнаған қазақтың  ғалым қыздар жайында ақпарат береді.

Көрменің мақсаты: қазақтың ғалым қыздарының еңбектерін көпшілік назарына ұсыну, насихаттау.

Көрмеден еліміздің рухани құндылықтары жолында еңбек еткен, өздерінің саналы ғұмырын ғылымға арнаған Н.Құлжанова, Р.Сыздықова, Ү.Субханбердина, Л.М.Әуезова, Ш.Сәтбаева, Г.Пірәлі сынды қазақтан шыққан ғалым қыздарының еңбектері мен фотосуреттерін көруге болады.

Аталмыш көрмені қала тұрғындары, қонақтары, мектеп оқушылары тамашалай алады.

Жаңалықпен бөлісіңіз