Жаңалықтар

«Адамзаттың бәрін сүй…»

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы Абай облысы Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мәдениет және өнер қызметкерлері арасында «Адамзаттың бәрін сүй…» атты әдеби квест өткізді.
Әдеби квестке Семей қаласында орналасқан мәдениет және өнер ошақтарының қызметкерлерінен құралған 4 топ қатыстысып, өз білімдерін сынады. Бас жүлдені – «Көк бөрі» тобы, І орын – «Қызыл жебе», ІІ орын «Таза Қазақстан» тобы, ІІІ орынды – «Жидебай» тобы иеленді.
Әдеби квест мақсаты: Хакім Абай Құнанбайұлы, Көкбай Жанатайұлы, Шәкір Әбенұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттауға, ұлттық рухани мұраны дәріптеуге, мәдениет және өнер қызметкерлері арасында топ құру арқылы ұйымшылдықты нығайтуға, өзара бірлік, қолдау мен ынтымақтастықты дамытуға арналған.

Жаңалықпен бөлісіңіз