Жаңалықтар

«Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани мұрасын әдеби-мәдени

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында 2026 жылдың 13 мамырында «Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани мұрасын әдеби-мәдени, тарихи-этнографиялық, географиялық, лингвистикалық тұрғыдан кешенді зерттеу: цифрлық интеграция және этнотуризм» тақырыбындағы ғылыми жоба аясында Абай музей-қорығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында филология ғылымдарының PhD докторы Әубәкірова Қарлығаш Әділханқызы, PhD доктор, қауымдастырылған профессор Қасымова Асем Аленовна, филология ғылымдарының кандидаты, шәкәрімтанушы Смағұлова Ақмарал Төлеуғазықызы «Шәкәрім Құдайбердіұлы мұрасы: қолжазбалар интерпретациясы және ғылыми парадигмалар» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында ғалымдар жоба бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстар және архив деректерін цифрландыру, жинақталған құжаттар мен деректерге жүргізілген талдау нәтижетелері, Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының текстологиялық ерекшеліктеріне, әр жылғы ақын шығармалар жинақтарындағы айырмашылықтарға баса назар аударды.

Жаңалықпен бөлісіңіз