Жаңалықтар

«Абайтануды оқытудың ерекшеліктері» тәжірибелік-әдістемелік семинар

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы және Абай облысы Білім басқармасының Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы бірлесіп 2024 жылдың 27 наурызында «Абайтануды оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында тәжірибелік-әдістемелік семинар өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты:

  • «Абайтану» курсының өзектілігі арттырудағы пән мұғалімдерінің әдістемесін жетілдіру;
  • Оқушылардың «Абайтану» курсы бағдарламасын толық игеруі үшін музей мен оқу орындарының жұмыстарын үйлестіру;
  • Музейлік педагогиканы жетілдіруде мектеп мұғалімдерімен өзара тәжірибе алмасу;
  • Музей мен білім беру мекемелерінің арасындағы тарихи-мәдени, ғылыми ынтымақтастық орнату, білім беру мекемелері ұстаздарымен жұмыс жасау.

Семинар жұмысы Абай музейінің директоры м.а. Ұ.Сағадиев және Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының әдіскері Ж.Рахимбаеваның алғы сөздерімен ашылды.

Семинар барысында № 16 Т.Аманов атындағы ЖОББ мектебінің ұстаздары Р.К.Жумабекова, Ж.Е.Есенова, Үржар ауданының Абылайхан атындағы орта мектеп-бақшасынан Ш.Н.Байгазиева, Ақсуат ауданының К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінен А.А.Тундикбаева,  Жарма ауданының Суықбұлақ орта мектебінен А.К.Касенова, Абай музей-қорығынан Г.Т.Бейсембинова, Семей қаласының №4 ЖОББ мектебінен У.М.Бердикенов «Абайтану» пәнін оқытуға байланысты өз  шеберлік сабақтарын көрсетіп, ойларын ортаға салды. Сарапшы Г.А.Құнафина оқу орындарында өткізілетін «Абайтану» пәнінің жаңалықтары мен ескеруге тиісті мәселелерді ортаға салды, ұйымдастырылған басқосудың артықшылығына тоқталды.

Семинарға келген Абай облысының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздарына Абай музейінің экспозициясы бойынша Қ.Қиықбай экскурсиялар өткізді.

Семинар жұмысына Абай облысының Семей, Аягөз қалаларымен Ақсуат, Үржар, Жарма аудандарының мектеп ұстаздары және музей қызметкерлері қатысты.

Іс-шара соңында тәжірибелік-әдістемелік семинарда баяндама жасаған ұстаздар арнайы сертификаттармен марапатталды.

 

Жаңалықпен бөлісіңіз