Тарихи — мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының ғылыми кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи - мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының ғылыми кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи - мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының ғылыми кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының бөлімі «Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов» музейінде Абай облысы «Семей қаласының №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» қызмет алушыларына арналған танымдық экскурсия өткізілді. Танымдық шарада музей меңгерушісі Қ.Қиықбай тарихи тұлғалардың ізі қалған мекен мен Алаш қайраткерлеріне қатысты мағлұмат ұсынды.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында белгілі суретші, график, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Михаил Михайлович Беляевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Өңір тынысы» атты көрме ашылды. Көрменің мақсаты – суретшінің бай шығармашылық мұрасын насихаттау, туған өлке табиғатын, Семей қаласының тарихи келбетін және аймақтың рухани тынысын бейнелеген туындылары арқылы көрерменге өнердің мәңгілік құндылығын жеткізу. Экспозицияға суретшінің әр жылдарда салған кескіндеме және графикалық жұмыстары енгізілді. Олардың...
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Республика күніне орай «Қыран елім – Қазақстаным» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды. Республика күні – Тәуелсіздігімізді ұлықтайтын мерекеке. 25 қазан ұлттық мереке Республика күні деп белгіленді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде: «Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қастерлі Тәуелсіздігімізге жол ашты. Сондықтан бұл тарихи құжаттың мән-маңызы зор» - деген еді. Ұйымдастырылған кітап көрмесіне Қазақстанның қалыптасуы...
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы және Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесе Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күніне арналған колледж студенттері арасында «Ерікті елім – Қазақстаным!» атты білім сайысын ұйымдастырды. (далее…)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында музейдің 85 жылдық мерейтойына орай «Абай музейі – ақын мұрасының қарашаңырағы» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – ұлт руханиятының ұйытқысына айналған қасиетті қарашаңырақтың қалыптасу және даму тарихын, музейдің көп жылдық еңбегін, мәдени мұраның сақталуы мен насихатталуына қосқан үлесін көрсету. Көрмеде музейдің 1940 жылдан бүгінгі күнге дейінгі тарихы кезең-кезеңімен қамтылған. Экспозиция...
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының 85 жылдық мерейтойы аясында 22 қазан күні «Музей тарихындағы тұлғалар» ескерткіш тақталары ашылды. Абай кеңістігіне, ақын әлеміне қауыштыратын ұлық орда Абай музейінде Әрхам Ысқақов, Қайым Мұхамедханұлы, Борис Аккерман Абай музейіне зор үлес қосқан зерттеуші-ғалымдар. Өткен ғасырдың елуінші жылдарынан бастап Ахат Шәкәрімұлы, Арғынғазы Қайсақанов, Ниязбек Алдажаров, Мұздыбай Бейсенбаев, Кашаф Туғанбаев, Төкен Ибрагимов, Бекен Исабаев,...
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының 85 жылдық мерейтойы аясында Абай мұрасын насихаттауда елеулі еңбек етіп жүрген музей мамандары марапатталды. Абай музейінің дамуы мен өркендеуі жолындағы табысты қызметі үшін алдымен музей саласының ардагерлері ардақталып, музей директоры зор алғысын білдірді. Ел руханиятының өрісін ашып, өңірдің өнерін өрістетіп жүрген мухей қызметкерлері ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.Сыдықовтың «Құрмет грамотасымен», ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің...
2025 жылдың 22 қазанында Абайдың “Жидебай-Бөрілі” мелекеттік музей қорығының құрылғанына 85 жыл толуына арналған «Заманауи музейтану: цифрландыру, қолжетімділік және тұрақты даму» халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциясы өтті. Конференция жұмысының негізгі бағыттары: - Музейтану теориясы мен тарихы; - Музей коллекцияларын сақтау, қалпына келтіру және есепке алудың заманауи әдістері; - Көрме қызметі және экспозициялардың жаңа форматтары; - Музей педагогикасы; - Музей – креативті индустрия алаңы; - Музейлерді цифрландыру, виртуалды экспозициялар...
Биылғы жыл Абай музейінің ашылғанына 85 жыл. Осыған орай музейде қызмет еткен тұлғалар еңбегін ұлықтау мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 17 қазан күні абайтанушы, жазушы Әрхам Кәкітайұлының 140 жылдығына арналған «Абайға адалдық: Әрхам Кәкітайұлы» атты әдеби кеш өтті. Әрхам Кәкітайұлының өмір жолы Абай музейімен тығыз байланысты. Абай музейінің ірге тасын қаласып, шаңырағын көтеру ісінде Әрхам Кәкітайұлы...
