Л. Н. Толстойдың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ясная Поляна» музей қорығының «Исповедь» экспозициялық көрмесі
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 16 қазан күні Л. Н. Толстойдың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ясная поляна» музей қорығымен бірлесе отырып ұйымдастырылған «Исповедь» атты көрменің ашылуы өтті. 1870-жылдары Л.Н. Толстой терең жан күйзелісін бастан кешіреді. Бұрынғы көзқарастарын қайта қарау оған оңайға соқпады. 1875 жылдың күзіне қарай ол Н.Н. Страховқа жазған хатында өзіне маза бермеген ойларды жеткізудің қиындығына шағымданады. 1879 жылдың күзінде Киев-Печерск...





