ХVI «АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА…» БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
2026 жылдың 16 сәуір күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы және Семей қаласының білім бөлімі аймақтық ХVI «Абайды оқы, таңырқа…» білім сайысын өткізді.
Аймақтық ХVI «Абайды оқы, таңырқа…» білім сайысы білім беру саласында Абай мұрасына, оның әдеби ортасына баса назар аудару және оқу жүйесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Білім сайысы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының директоры Ұ.Сағадиевтің құттықтау сөзімен ашылды.
Сайыстың қазылар алқасының құрамында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева, қалалық білім бөлімінің әдіскері Л.Абдрахманова және Абай музей қорығының бас редакторы Р.Елекенова болды.
Жалпы сайыстың қорытындысы бойынша:
Бас жүлдені №15 мектеп оқушысы Ә.Орымбекова Бірінші орынды №5 гимназиясының оқушысы Л.Қанапиянова, екінші орынды №51 мектеп оқушысы Ә.Болатқызы мен №16 мектептен А.Кеңесхан үшінші орынды №42 мектеп оқушысы Д.Раева, №35 мектеп оқушысы А.Өкен және №26 мектеп оқушысы А.Оразбаева иеленді.
Сайыс жеңімпаздары, ұстаздары арнайы дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.









