«Абайдың күйлері» тақырыбында дәріс өтті
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Шәкәрім университеті студенттеріне «Абайдың күйлері» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәріс барысында Абай Құнанбайұлының күй өнеріндегі орны, қазақ музыка мәдениетіне қосқан үлесі және ақын күйлерінің ерекшеліктері кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, Абайдың музыкалық мұрасы мен оның ұлттық өнердегі маңызы туралы мазмұнды ақпараттар айтылып, студенттерге тарихи-танымдық мәліметтер ұсынылды.
Іс-шараның мақсаты – жастарға Абай мұрасын насихаттап, ұлттық музыка өнеріне деген қызығушылықты арттыру.




