Жаңалықтар

Х «ӘСЕМПАЗ БОЛМА ӘРНЕГЕ…» БҮЛДІРШІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨТТІ

29 сәуір күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы мен Семей қаласының білім бөлімі ұйымдастыруымен мектеп жасына дейінгі балалар арасында дәстүрлі Х «Әсемпаз болма әрнеге…» байқауы өтті.

Байқау жас бүлдіршіндердің Абай шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру, көркем сөз оқу мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Сайыс қорытындысы бойынша:

І орынды №1 «Арман» бөбекжайы тәрбиеленушісі Қуандықова Адия иеленді.

ІІ орын:

№21 ЖОББМ КММ оқушысы Олжасбекқызы Айару;

№38 ЖОББМЛ КММ мектепалды даярлық тәрбиеленушісі Ахметбек Әміре.

ІІІ орын:

«BABY CARE» балабақшасы тәрбиеленушісі Оралбекқызы Інжу;

№9 «Айгөлек» бөбекжайы тәрбиеленушісі Тұрсынхан Шыңғыс;

№12 «Ажар» бөбекжайы КМҚК тәрбиеленушісі Талгатов Алимжан иеленді.

Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жаңалықпен бөлісіңіз