Жаңалықтар

«Абай аудармалары» тақырыбында дәріс өтті

24 сәуір күні Абай музейінің Абайтану орталығында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлы шығармашылығындағы аудармалар тақырыбына арналған мазмұнды дәріс өтті.
Дәрісті музейдің ғылыми қызметкері Дильназ Ғалымбекқызы жүргізіп, Абайдың орыс және әлем әдебиетінен жасаған аудармаларының ерекшелігіне, олардың қазақ руханиятындағы маңызына тоқталды. Сонымен қатар, ақынның Михаил Лермонтов пен Александр Пушкин шығармаларын аудару арқылы ұлттық әдебиетті жаңа деңгейге көтергені жан-жақты түсіндірілді.
Дәріс барысында қатысушылар Абай аудармаларының көркемдік сипаты мен тәрбиелік мәні туралы құнды ақпарат алып, өзара пікір алмасты.

Жаңалықпен бөлісіңіз