Жаңалықтар

«АБАЙ ДӘУІРІ: ҚҰЖАТТАР МЕН ЕСТЕЛІКТЕР»

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 10 тамыз күні Абай күніне орай ұлы ойшылдың мұрасын жаңа қырынан танытатын көрме көрермен назарына ұсынылды.
Музейдің сирек қорында сақталған түпнұсқа құжаттар мен тарихи жәдігерлер топтастырылған «Абай дәуірі: құжаттар мен естеліктер» атты көрме көпшілікке таныстырылды. Көрмеге Құнанбай Өскенбайұлының Халиоллаға жолдаған хаты, Абайдың ұлы Мағауияға жазған хаты, Абайдың Сенатқа жазған хаты, Қарамола жарғысы, К.Жанатайұлының, Т.Абайұлының, А.Шәкәрімұлының, Т.Көбдіковтің, Н.Алдажаровтың естеліктері мен ақынға қатысты жәдігерлер қойылды.
Бұл жәдігерлер – ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын, қоғамдық қызметін және Абай дәуірінің тарихи келбетін айғақтайтын бірегей рухани қазына.
Көрмені тамашалауға абайтанушылар мен жас зерттеушілер, зиялы қауым өкілдері, студенттер, сондай-ақ Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары тамашалап, Абай мұрасы мен ұлт руханиятына қатысты құнды деректермен танысты.

Жаңалықпен бөлісіңіз