Жаңалықтар

«Отан үшін от кешкен Абай ұрпақтары»

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында «Отан үшін от кешкен Абай ұрпақтары» атты көрме ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарында ел қорғаған Абай әулеті өкілдерінің ерлігі мен өнегелі өмір жолын насихаттап, кейінгі ұрпаққа таныстыру. Көрме барысында майдангерлерге қатысты архивтік деректер, фотосуреттер, құжаттар мен тарихи жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды.

Шара келушілерге тарихи тағылым беріп, Отанға деген құрмет пен патриоттық рухты дәріптеуге бағытталды.

Жаңалықпен бөлісіңіз