Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне арналған кітап көрмесі
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін табиғат мерекесі. Көрменің мақсаты – өскелең ұрпақтың халықтың өткен тарихына, дәстүрі мен салт санасына деген қызығушылығын арттыру. Кітап көрмесінде Наурыз мейрамының тойлану...




