Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетін әлемдік деңгейге көтерген біртуар қаламгер
(далее…)
(далее…)
30.09.2026 ж. Бөрілідегі М.Әуезов музей үйінде жазушының туған күніне орай Қасқабұлақ ауылдық кітапханасының ұжымы «Кітап керуені», М.Әуезов атындағы орта мектебінің 10 «а», 10 «ә» оқушылары «Алаш аманаттары», «Мұхтар ізбасарлары» атты командалары қатысып әдеби квест өткізілді. Шараға оқушылар сұрақ-жауаптарға белсенділік танытып өздерінің білімділіктерін көрсетті. Музей меңгерушісі Ш.Исабаев оқушыларға әдеби квестке қатысқандарына рахметін айтып «Мұхтар ізбасарлары» командасына 1-ші орын, «Алаш аманаттары» командасы 2-ші...
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік музей-қорығының ұйымдастыруымен 27 қыркүйек Дүниежүзілік туризм күніне орай Семей-Жидебай-Қоңырәулие бағытында танымдық экскурсия өтті. Аталған турда Абай музейінің бөлім меңгерушісі Қ.Қиықбай Абай мен оның айналасына қатысты тарихи жерлер бойынша Семей қаласының тұрғындары мен қала меймандарына тағылымдық мағлұмат берді.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында қазақ әдебиетінің классик жазушысы, ғұлама ғалым М.О.Әуезовтің туған күніне орай ұйымдастырылған «Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» атты аймақтық білім сайысы өтті. Дәстүрге айналған аталмыш сайысты өткізудегі басты мақсат – классик жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық әлемін келешек жас буынның санасына сіңіріп, әр қырын терең білуге ынталандыру және кеңінен насихаттау. Сайысқа жалпы саны 25 үміткер қатысты....
Бөрілідегі М.Әуезов музейінің меңгерушісі Ш.Исабаев және жоғары дәрежелі бас маман Г.Тәңірберген Қасқабұлақ ауылдық кітапханасында Көкбай Жанатайұлының туғанына 165 жыл толуына арналған «Абайдан сабақ алдым бала жастан» жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. Кітапхана қызметкерлері мен оқырмандарға ақынның шығармалары мен өлеңдерін таныстырды.
«Семей – Алаш қаласы», «Алаш қозғалысы кезіндегі Семей қаласының орны» сынды тақырыптарды қамтыған 7-11 қыркүйек аралығындағы тақырыптық экскурсияларға Семей қаласындағы Медициналық университеті, Шәкәрім университеті мен Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттері қатысты.Экскурсиялар барысында музей меңгерушісі Қ.Қиықбай мен экскурсовод Г.Тілеубергенқызы Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы мағлұматтармен бөлісіп, ұлт тарихына қатысты мәліметтерді таныстырды.
10 тамыз – Абай күні мерекесіне орай Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Абай мұрасы – адамзат қазынасы» атты әдеби квест ұйымдастырылды. Дәстүрлі түрде төртінші жыл қатарынан өткізіліп отырған танымдық шара Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп жүзеге асырылды. Квесттің басты мақсаты – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Көкбай Жанатайұлының шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, қатысушылардың ақын өмірі...
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 10 тамыз күні Абай күніне орай ұлы ойшылдың мұрасын жаңа қырынан танытатын көрме көрермен назарына ұсынылды. Музейдің сирек қорында сақталған түпнұсқа құжаттар мен тарихи жәдігерлер топтастырылған «Абай дәуірі: құжаттар мен естеліктер» атты көрме көпшілікке таныстырылды. Көрмеге Құнанбай Өскенбайұлының Халиоллаға жолдаған хаты, Абайдың ұлы Мағауияға жазған хаты, Абайдың Сенатқа жазған хаты, Қарамола жарғысы, К.Жанатайұлының, Т.Абайұлының, А.Шәкәрімұлының, Т.Көбдіковтің, Н.Алдажаровтың...
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Ұлттық домбыра күніне арналған «Қазағымның үнісің сен – домбыра!» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Көрменің мақсаты – қазақ халқының ұлттық болмысын айқындайтын қасиетті домбыраның тарихы мен рухани құндылығын насихаттау, дәстүрлі күй өнерін дәріптеу және ұлттық мұраны кейінгі ұрпаққа таныту. Музей қорында халқымыздың көптеген көрнекті тұлғаларына тиесілі домбыралар сақтаулы. Көрмеде Абай...