«ҒАЛЫМ ҒҰМЫРЫ — ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ»
8 қазан күні Абай ауданында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен жазушы, ғалым, абайтанушы, алаштанушы, мұхтартанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбайдың 75 жылдық мерейтойына орай «Ғалым ғұмыры — ұлт қазынасы» атты салтанатты кеш өтті.
Мерейтойлық кеш аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының ұйымдастыруымен ғалымнын өмірі мен шығармашылығына арналған көрме көпшілік назарына ұсынылды.
Көрме арқылы көрермендер Тұрсын Жұртбайдың ғылыми-зерттеу еңбектерімен, абайтану, алаштану және мұхтартану салаларына қосқан үлесімен танысуға мүмкіндік алды. Ғылымға ғұмырын арнап, ұлт руханиятының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның еңбегін ұлыктау — ұрпаққа өнеге, рухани мұраны дәріптеудің жарқын үлгісі.







